Әдістемелік жұмыстар - КГКП 'Ясли-сад 'Карлыгаш'
Ұлттық ойындар
КМҚК «Қарлығаш»                                                  № 3 педагогикалық кеңесте
бөбекжай-бақшасы»                                                  КМҚК «Қарлығаш»
Әдіскер: А.М.Абдраимова                                        бөбекжай-бақшасы»
_______________________                                        меңгерушісі: Ж.Б.Тантаева
«12»  наурыз 2025 жыл
«Ұлттық ойындар»
Мектепалды даярлық «Тұлпар» тобы
Тәрбиеші: А.О. Бимагамбетова
Шу қаласы
2025 жыл
Түсінік хат
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Бағдарламаның мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындар арқылы балалардың шығармашылық ой-өрісін дамыту арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіру;
Бағдарламаның  міндеттері:
Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру; - қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу; - жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас бағдарлама аясында  жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.
Бағдарлама мазмұны бойынша меңгеруге тиісті білім мен біліктілікке қойылатын талаптар
Балалар:
Ұлттық ойындардың атауын, ережесін білуі керек.
Қарапайым ұлттық ойындарды ойнай алуы қажет.
Қазақ ертегілерінің мазмұнын түсініп, әңгімелей алуы тиіс.
Ойындар арқылы тәртіптілік, шапшаңдық, бірлік, адалдық сияқты қасиеттерді меңгеруі қажет.
Күтілетін нәтижелер:
Ойындарды өз еркімен қолдана алады.
•  Сөздік қоры байыды.
•  Баланың дене күші, қолықатайып, денесі шыңдала түседі
•  Баланың зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі.
Жоспары
1.«Ақсерек-көксерек,қыз қуу ойындары»
2.«Алысқа лақтыр», «Сиқырлы таяқ»
3.«Теңге ілу», «Күш сынаспақ»
4.«Аңшылар», «Тышқан мен мысық»
5.«Күш сынаспақ», «Арқан тарту»
6.«Түлкі мен балапандар» , «Белбеу соқ»
7.«Орамал тастамақ», « Арқан тарту»
8.«Ат жарыс» , «Алакүшік»
9.«Алақан соқпақ» , «Түйілген орамал»
10.«Аударыспақ» , «Такия тастау!»
11.«Бес тас.», «Асық тасу»
12.«Хан Әлші», «Шабандоздар»
13.«Қармақ», «Жапалақтар мен қарлығаштар»
14.«Ботақан», « Октау тартыс»
15.«Айгөлек», «Қуалап соқ»
16.«Киіз үй», «Қырықаяқ»
17.«Киіз үй», «Бөрік жасырмақ»
18.«Ұшты - ұшты», «Сыбыр сөз»
19.«Орын тап», «Ұйқыдағы аю»
20. «Боран» , «Түлкі мен балапандар»
21.«Арқан түю», «Белбеу соқ»
22.«Атқаума» , «Қара құлақ»
23.«Көтермек», «Хан талапай»
24.«Сақина жасыру»,«Соқыр теке»
25.«Әуе таяқ» , «Күзетшілер»
26.«Жүйріктер жеңеді» «Белбеу соқ»
27.«Қарамырза», «Айдапсал»
28.«Жапалақтар мен қарлығаштар»,« Туйілген орамал»
29.«Қыз –қуу», «Алақан соқпақ»
30.«Ақ шамшық», «Біз де»
32.«Шабандоздар», «Такия тастау!»
31.«Ойлап тапта,қуып жет», « Туйілген орамал»
32.«Арқанның үстінен секір», «Шеңберден шығару»
1."Ақсерек – Көксерек" ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы. Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді: біреуі – «Ақсерек», екіншісі – «Көксерек».
Бірінші топ екінші топты шақырып, былай дейді: "Ақсерек – Көксерек, бізден сізге кім керек?" Қарсы топ шақырылған баланың атын атайды.
Ол бала жүгіріп барып, өз командасына қайта оралғанша қарсы топтың балалары оны ұстауға тырысады. Егер ұсталып қалса, қарсы топтың құрамына қосылады. Ойын балалардың жылдамдығын, батылдығын арттырады.
2. "Қыз қуу" ойыны
Мақсаты: Балалардыұлттық ойын түрімен таныстыру. Қазақ халқының ойынын ары қарай жетілдіріп дамыту. Икемділікке, шапшандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.
Ойын шарты:
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1, 2, 3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.
3."Алысқа лақтыр" ойыны
Мақсаты:
Балалардың дене қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, күш-қуатын дамыту.
Лақтыру және ептілік дағдыларын арттыру.
Жылдамдыққа, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар кезекпен белгілі бір белгіленген сызықтан тұрып, қолдарындағы затты (доп, қапшық, жеңіл тас немесе ағаш кесегі) алысқа лақтырады.
Кімнің заты ең алысқа түссе, сол жеңімпаз атанады.
Лақтыру кезінде қауіпсіздік ережелері сақталады.
Бұл ойын балалардың қол бұлшықеттерін дамытып, күшін арттырады.
4. "Сиқырлы таяқ" ойыны
Мақсаты:
Балаларды  ұлттық ойын түрімен таныстыру. Қазақ халқының ойынын ары қарай жетілдіріп дамыту. Икемділікке, шапшандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың 9 саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
5. "Теңге алу" ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы. Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі сайыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі.Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
6. "Күш сынаспақ" ойыны
Мақсаты:
Қазақтың әдет-ғұрпымен таныстыру. Дәстүрлік таным түйсігін дамыту. Ой-өрістерін жетілдіру. Ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Бұл ойын әдетте екі баланың бір-бірімен күш сынасуынан тұрады.
Ойынның бірнеше түрі бар:
1. Қол күресі – екі бала үстел үстінде немесе жерде шынтақтарын қойып, қол күштерін сынайды.
2. Арқан тартыс – балалар екі топқа бөлініп, арқан тартады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, қарсыластарын белгіленген сызықтан өткізсе, сол жеңімпаз атанады.
Бұл ойын балалардың күшін, төзімділігін және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
7. "Аңшылар" ойыны
Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру. Ойын барысында аңшылардың кім екенін балалардың естеріне түсіру. Тапқырлыққа баулу. Әр мамандықты құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады. 2 тапсырма
8."Тышқан мен мысық" ойыны
Мақсаты:
Балаларды шапшаң әрі шыдамды, ұйымшылдыққа үйрету. Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса 13 алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады. Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.
Ойын шарты:
Балалар қол ұстасып шеңбер құрып тұрады.
Бір бала "мысық", екіншісі "тышқан" рөлінде болады.
Мысық тышқанды ұстауға тырысады, ал тышқан қашады.
Тышқан шеңбердің ішіне кіріп, қайта шыға алады, бірақ мысық тек сыртта ғана қозғала алады.
Егер мысық тышқанды ұстап алса, рөлдер ауыстырылады.
Бұл ойын балалардың жылдамдығы мен ойлау қабілетін дамытады.
9. "Түлкі мен балапандар" ойыны
Мақсаты:
Балалармен қимылды ойын түрін ойнау. Ұйымшылдыққа, шапшаң және шыдамды болуға үйрету. Денсаулықты сақтауға тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетперде кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс.
10."Белбеу соқ" ойыны
Мақсаты:
Балаларға ойын түрімен таныстыру. Ұлттық ойындардың сан түрлігін айту. Шапшандылықтарын, ептіліктерін дамыту. Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойыншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс. Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.
11."Орамал тастамақ"  ойыны
Мақсаты:
Балалардың шапшаңдық, ептілік, зейін және күш қабілеттерін дамыту.
Ұлттық ойындарға қызығушылықтарын арттыру.
Ұжымдық ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар шеңбер жасап отырады.
Бір бала "жүргізуші" болады және қолына орамал ұстайды.
Ол шеңберді айналып жүріп, байқатпай бір баланың артына орамалды тастайды.
Егер артында орамал барын байқаған бала оны алып, жүргізушіні қуады.
Жүргізуші қуған бала орнына жетіп үлгерсе, қуған бала жүргізуші болады.
Егер үлгермесе, ойында бұрынғы жүргізуші қалады.
Бұл ойын балалардың зейінін, қырағылығын және шапшаңдығын дамытады.
12."Арқан тарту" ойыны
Мақсаты:
Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен, салт-дәстүрімен таныстыра отырып, ұлттық ойын түрімен танысу. Эстетикалық мәдениетін дамыту. 18 Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді.
Белгі берілгенде екі топ арқанды өз жағына қарай тартады.
Қай топ қарсылас команданы белгіленген сызықтан асырып тартса, сол топ жеңімпаз болады.
Бұл ойын балалардың күшін, төзімділігін және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
13. "Ат жарыс" ойыны
Мақсаты:
Балалардың шапшаңдық, ептілік және қозғалыс белсенділіктерін дамыту.
Жылдамдық пен икемділікті арттыру.
Ұлттық ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар екі немесе үш топқа бөлінеді.
Әр бала "аттың" рөлін сомдайды (ағаш ат немесе секіргіш құрал пайдалануға болады).
Белгі берілгенде балалар мәреге қарай шаба жөнеледі.
Кім бірінші мәреге жетсе, сол жеңімпаз болады.
Бұл ойын балалардың жылдамдығын және тепе-теңдік сақтау қабілетін дамытады.
14."Алакүшік" ойыны
Мақсаты:
Ойын балалардың таза ауада дем алуларына жүгіруге, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, сергектікке үйретеді.
Ойын шарты:
Балалар шеңберге тұрады. Бір бала "ала күшік" рөлінде болады.
Тәрбиеші белгі бергенде, "ала күшік" ортада жүреді, ал қалған балалар:
"Ала күшік, ала күшік,
Қайда кеткен бала күшік?" – деп әндетеді.
Ән аяқталғанда "ала күшік" бір баланы ұстап алу керек.
Ұсталған бала келесі "ала күшік" болады.
Бұл ойын балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырады және көңілді өткізіледі.
15. "Алақан соқпақ" ойыны
Мақсаты:
Балалардың зейінін, қимыл үйлесімділігін және шапшаңдықтарын дамыту.
Ұжымдық ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Есте сақтау қабілетін жақсарту.
Ойын шарты:
Балалар шеңбер құрып отырады немесе тұрады.
Бір бала жүргізуші болады және шеңбер ішінде жүреді.
Балалар алақандарын бір рет немесе бірнеше рет соғады.
Жүргізуші алақан соғу ырғағына қарай қимылдап, бір баланың артына тұрады.
Алақан соғу тоқтағанда, жүргізуші тұрған баламен орын ауыстырады.
Ойын осылай жалғасады.
Бұл ойын зейінділік пен қимыл үйлесімділігін дамытады.
16."Түйелеген орамал" ойыны
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы. Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы.
17. "Аударыспақ" ойыны
Мақсаты:
Балалардың күш-қуатын, ептілігін және тепе-теңдік сақтау дағдыларын дамыту.
Шапшаңдық пен байқампаздық қабілеттерін арттыру.
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы дәстүрлерге деген қызығушылықты ояту.
Ойын шарты:
Бұл ойын әдетте ат үстінде ойналады, бірақ балабақшада оны қауіпсіз түрде бейімдеуге болады.
Екі бала кілем немесе гимнастикалық төсеніштің үстінде тұрып, бірін-бірі тепе-теңдіктен шығарып, құлату үшін тартысады.
Қарсыласын тепе-теңдіктен айырған бала жеңімпаз болады.
Ойын күш пен төзімділікті дамытады.
Балабақшаға бейімделген нұсқасы:
Балалар кілем үстіне отырады немесе тұрады.
Белгі бойынша бір-бірін ақырын итеріп, тепе-теңдігін жоғалтпай тұруға тырысады.
Тепе-теңдікті бірінші жоғалтқан бала жеңіледі.
18. "Тақия тастау" ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру. Балалардың күштерін сынау. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар шеңбер құрып отырады.
Бір бала "жүргізуші" болады және қолына тақия алады.
Ол шеңберді айналып жүріп, байқатпай бір баланың артына тақияны тастайды.
Егер тақия тасталғанын байқамаған балаға белгі берілсе, ол ортаға шығып өлең айтады немесе би билейді.
Егер бала дер кезінде байқап, тақияны алып жүргізушіні қуып жетсе, жүргізуші қайта өз орнына отырады, ал ұстай алмаса, өзі жүргізуші болады.
Бұл ойын байқампаздық пен жылдамдықты дамытады.
19. "Бес тас" ойыны
Мақсаты:
Балалардың ұсақ моторикасын, қолдың икемділігін және көзбен мөлшерлеу дағдыларын дамыту.
Ептілік пен дәлдікті арттыру.
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салт-дәстүрге деген қызығушылықты ояту.
Ойын шарты:
Ойын үшін 5 ұсақ тас немесе арнайы жасалған бес тас қолданылады.
Ойыншылар кезекпен ойнайды.
Алдымен барлық тастар жерге тасталады.
Бір тасты жоғары лақтырып, жердегі бір тасты алып, жоғарыдағы тасты қайта қағып алу керек.
Келесі деңгейде екі тастан, содан кейін үш, төрт тастан алып, барлық тасты жинау керек.
Ойын осылайша күрделенеді.
Бұл ойын саусақ қимылдарының үйлесімділігін, жылдамдықты және дәлдікті дамытады.
20. "Асық тастау" ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру. Балалардың күштерін сынау. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту. 24 Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойынға асықтар қажет.
Балалар шеңбер жасап отырып, кезекпен асық атады.
Белгіленген сызықтың ішіне түскен асық есептеледі.
Егер асық алшы түссе, 3 ұпай, тәйке түссе, 2 ұпай, бүк немесе шік түссе, 1 ұпай беріледі.
Кім ең көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз болады.
Бұл ойын дәлдік пен мергендікті дамытады.
21."Хан  Әлші"  ойыны
Мақсаты:
Балалардың зейінін, дәлдік пен шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
Ұлттық ойындар арқылы ұйымшылдыққа және әділдікке тәрбиелеу.
Қимыл-қозғалысты жетілдіру және ойлау қабілетін арттыру.
Ойын шарты:
Бұл ойынға бірнеше асық және бір "хан асығы" (ерекше белгіленген асық) қажет.
Барлық асық белгілі бір шеңбердің ішіне тасталады.
Ойыншылар кезекпен асықты сақамен атады.
Егер ойыншы хан асығын бірінші атып түсірсе, ол жеңіске жетеді.
Алдымен қарапайым асықтарды атып, соңында хан асығына кезек келеді.
Бұл ойын мергендікті, қолдың ептілігін және дәлдік дағдыларын дамытады.
22. "Шабандоздар" ойыны
Мақсаты:
Ұлттық ойынды дұрыс ойнауға, ойын барысын дұрыс түсіндіріп, үйрету. Балалардың байқампаздығын, шапшандылығын дамыту. Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар екі немесе бірнеше топқа бөлінеді.
Әр топтың шабандоздары (ойыншылары) белгіленген қашықтыққа "атпен" (секіргіш, жіп немесе арнайы белгіленген сызық бойымен жүгіру) шауып өтеді.
Тапсырма – ең жылдам және дұрыс мәреге жету.
Кейбір нұсқаларында кедергілерден өту немесе жалаушаны алып келу қосылады.
Қай топ бірінші болып мәреге жетсе, сол жеңімпаз атанады.
Бұл ойын жылдамдықты, төзімділікті және тепе-теңдікті дамытады.
23."Қармақ" ойыны
Мақсаты:
Балалардың жылдамдық, ептілік және зейін қабілеттерін дамыту.
Ұжымдық ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қимыл-қозғалысты жетілдіру және ойлау қабілетін арттыру.
Ойын шарты:
Ойынға бірнеше бала қатысады, біреуі "балықшы", қалғандары "балықтар" болады.
"Балықшы" қолына ұзын жіп немесе орамал ұстайды – бұл "қармақ".
"Балықтар" белгіленген аумақта еркін қозғалады.
"Балықшы" қармағын лақтырып (жіпті немесе орамалды айналдырып), бір балықты "қармаққа түсті" деп ұстап алады.
Ұсталған "балық" ойыннан шығады немесе "балықшыға" көмектеседі.
Ойын соңында ең жылдам қашқан "балық" жеңімпаз атанады.
Бұл ойын жылдамдық пен зейінділікті дамытады.
24."Жапалақтар мен қарлығаштар" ойыны
Мақсаты:
Ұлттық ойынды дұрыс ойнауға, ойын барысын дұрыс түсіндіріп, үйрету. Балалардың байқампаздығын, шапшандылығын дамыту. 30 Әр мамандықты сыйлауға тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді: бір топ "жапалақтар", екінші топ "қарлығаштар" болады.
"Қарлығаштар" белгілі бір алаңда еркін қозғалады.
"Жапалақтар" белгі берілгенде "қарлығаштарды" ұстап алуға тырысады.
Ұсталған "қарлығаштар" "жапалақтар" тобына қосылады.
Соңында ең соңғы қалған "қарлығаш" жеңімпаз атанады.
Бұл ойын шапшаңдық пен стратегияны дамытады.
25. "Қармақ"  ойыны
Мақсаты:
Балалардың жылдамдық, ептілік және зейін қабілеттерін дамыту.
Ұжымдық ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қимыл-қозғалысты жетілдіру және ойлау қабілетін арттыру.
Ойын шарты:
Ойынға бірнеше бала қатысады, біреуі "балықшы", қалғандары "балықтар" болады.
"Балықшы" қолына ұзын жіп немесе орамал ұстайды – бұл "қармақ".
"Балықтар" белгіленген аумақта еркін қозғалады.
"Балықшы" қармағын лақтырып (жіпті немесе орамалды айналдырып), бір балықты "қармаққа түсті" деп ұстап алады.
Ұсталған "балық" ойыннан шығады немесе "балықшыға" көмектеседі.
Ойын соңында ең жылдам қашқан "балық" жеңімпаз атанады.
Бұл ойын жылдамдық пен зейінділікті дамытады.
26."Жапалақтар мен қарлығаштар" ойыны
Мақсаты:
Балаларға ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорларын, тілдерін дамыту. Құстарға деген аяушылық сезімдерін ояту.
Ойын шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді: бір топ "жапалақтар", екінші топ "қарлығаштар" болады.
"Қарлығаштар" белгілі бір алаңда еркін қозғалады.
"Жапалақтар" белгі берілгенде "қарлығаштарды" ұстап алуға тырысады.
Ұсталған "қарлығаштар" "жапалақтар" тобына қосылады.
Соңында ең соңғы қалған "қарлығаш" жеңімпаз атанады.
Бұл ойын шапшаңдық пен стратегияны дамытады.
27. "Ботақан"  ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру. Балалардың күштерін сынау. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойыншылар өз орталарынан атан түйе мен мыстан кемпір сайлап алады. Қалғандары, яғни ботақандар атан түйенің артынан бір-бірінің белінен ұстап тізіліп тұрады. Мыстан кемпір «ұшқыш сыпыртқысымен» атан түйенің алдына «ұшып келіп»: «Керуен, қайдан келе жатырсың, қайдакетіп барасың?» деп, артындағы ботақандарының біреуін беріп кетуін сұрайды. Бірақ оған атан түйе келіспейді. Сонда мыстан кемпір жүгіріп жүріп керуеннің соңындағы ботақанды күшпен тартып алуға әрекеттенеді. Ал атан түйе мыстан кемпірді ең соңғы ботақанға жібермеуге тырысады. Ботақанды ұстап алса, мыстан кемпір оны үйіне апарып қойып келіп, енді келесі соңғы ботақанды ұстап алуға 32 әрекет етеді. Осылай 2-3-рет қайталанған соң, атан түйе мен мыстан кемпір басқадан сайланып, ойын әрі қарай жалғастырылады.
28."Оқтау  тартыс" ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру. Балалардың күштерін сынау. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Бұл ойын сізді кім күшті екенін анықтайды. Бұл ойын үшін екеуі ортаға шығуы керек. Алдымен жер бетінде сызық жүргізіп, оның әр жағынан тұрыңыз. Екі ұшы үшін жартасты алыңыз және әркім өзіне тартыңыз. Қарсыласын өз жағына тартатын және жеңімпаз болады. Әр түрлі мерекелер мен салтанаттарда, ересектер мен балалар арасында ұлттық ойындар өткізіледі.
29. "Айгөлек"  ойыны
Мақсаты:
Балаларға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіндіру. Жігерліктерін, аяушылық сезімдерін дамыту. Ұлттық ойындарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі.Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де,арасы 15−20 метрдей жерде қол ұстасып қарама−қарсы тізбек құрып тұрады.Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді.Олар барлығы қосылып,төмендегі өлеңді айтады: Айгөлек−ау,айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар. Ақ терек пен көк терек, Бізден сізге кім керек? Бұған екінші топтың ойыншылары жауап береді: Айгөлек−ау,айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар. Ақ терек пен көк терек, Шолпан атты қыз керек,− дейді. Қарсы топтан шақырылған қыз не бала жүгіріп келген бойы тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті.Егерде үзе алмаса,ол сол топта қалып қояды.Ал үзсе,онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына алып қайтады.Ойыншылар түгел шақырылып болған соң,екі жақтың ойыншылары саналады.Қой топтың саны көп болса,сол топ ұтқан болып есептеледі.
30."Қуалап  соқ" ойыны
Мақсаты:
Балаларға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіндіру. Жігерліктерін, аяушылық сезімдерін дамыту. Ұлттық ойындарды қастерлеуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойынға 10- 30 дейін бала қатынасады. Ойынды спорт залында, аулада, үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бұл топтың екеуі де тіке тартылған сызықтың бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20—30 метрдей жерде тағы да сондай сызық тартылып, оның екі жағынан екі жалау шаншылады. Ұйымдастырушы әр топтан бір-бірден ойыншы шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді. Ойынды бастаушының белгісі бойынша, әлгі екі ойыншы жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді. Белбеуі бар ойыншы екінші ойыншыны қуып жетсе, сол сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Сызыққа жеткен соң бірінші ойыншы белбеуді сызықтың, үстіне тастай беріп, өзі кері жүгіреді, ал екінші ойыншы белбеуді ала салып кейін қашқан ойыншыны қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Егер ол мұны орындай алса, жеңген болып есептеледі. Ал егер де белбеуді оған тигізе алмаса — жеңілгені. Мұнан соң келесі екі ойнаушы шықырылады да, ойын жалғаса береді. Белбеумен соғу дегенді қашушының арқасына тигізу деген ұғым деп түсінген жөн. Ойын елдің бәріне қызықты болу үшін ойын тәртібін сақтау дұрыс.
31. "Киіз үй "  ойыны
Мақсаты:
Балалардың киіз үй туралы түсініктерін кеңейту. Киіз үй бөліктерімен таныстыру. Ойлау, есте сақтау, сөздік қорларын дамыту. Қазақ халқының ұлттық ойындарын қадірлеуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойынды далада немесе бөлме ішінде ойнатуға болады. Ойынға қатысатын балалар екі топқа 5 баладан бөлінеді. Жерде бас орамалдары жайылып тұрады. Музыка әуені қосылған кезде, балалар орамалды айнала жүреді. Музыка әуені тоқтаған кезде балалар жерде жатқан орамалды қолдарына ұстап жоғары көтеріп, киіз үйді құрастырады. Осылай ойын бірнеше рет қайталанады.
32."Бөрік жасырмақ" ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы. Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.
33. "Орын  тап"  ойыны
Мақсаты:
Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру. Ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорын дамыту. Қызығушылықтарын арттыру. Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу. Екі жұп арқасын түйістіріп қойған екі орындыққа айналып музыканың сүймелдеуімен билейді.Музыка кілт тоқтағанда, тұрған екі орындыққа отырып үлгеруі керек,орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, ән салу,би билеу, жұмбақ , жаңылтпаштар кайту.
34."Соқыр теке" ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру. Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Сезімталдыққа, төрт түлік малға қамқор боуға тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ Қайда кеткен құлыншақ Соқыртеке бақ-бақ Мені ізден тап-тап Деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
35. "Әуе таяқ"  ойыны
Мақсаты:
Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру. Балалардың күштерін сынау. Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ойын шарты:
Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады. Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі.
36."Күзетшілер" ойыны
Мақсаты:
Ойын балаларды белгілі бір мақсатта коллективтік әрекет жасауға,шапшаңдыққа, тыныс мөлшерін ретті, қалыпты басқара білуге үйретеді.
Ойын шарты:
Бұл ойынға қанша бала болса да қатыса алады.Екі ойыншы қақпаның күзетшілері боладыЕкеуінің де көзі орамалмен байланады да,аралары бір адымдай қашықтықта қолдарын айқастыра ұстап,қарама−қарсы «көпір» жасап тұрады. Басқа балалар бір−бірлеп күзетшілер күзеткен қақпадан екеуінің ортасы арқылы білдірмей өтіп кетуге тиіс.Күзетшілердің сыртынан айналып өтуге болмайды.Егер күзетшілердің біреуі өтіп бара жатқанын сезіп қойса,оған қолын тигізеді,яғни ол ұсталып қалған болып есептеледі.Ұсталып қалған ойыншы өзін ұстаған ойыншымен орын ауыстырады.Қақпадан үш рет білдірмей ойыншыға жүлде беріледі.
Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі
1. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітап авторы: Е. Сағындықов Алматы «Рауан» 1991 ж.
2.Біртұтас тәрбие  бағдарламасы  аясынада ұлттық  ойындарды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы тәрбиеленушілерге  дене тәрбиесін,зияткерлік және рухани дамуын қаматамасыз ету.
3. Ақ сандық, көк сандық – Алматы «Жазушы» 1988 ж.
4. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
5. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.