Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің І-тоқсанға үлгілік жұмыс жоспары » КГКП 'Ясли-сад 'Карлыгаш'
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
"Қарлығаш" балалар бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72643) 7-04-42
Есепші бөлімі:
+7(72643) 7-04-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің І-тоқсанға үлгілік жұмыс жоспары
13
сәуір
2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің І-тоқсанға үлгілік жұмыс жоспары

БЕКІТЕМІН»

«Жамбыл облысы әкімдігінің 

білім басқармасы Шу ауданының

білім бөлімінің

 «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы»

МКҚК-ның меңгеруші м.а.

А.М. Абдраимова ____________

«____»___________2022 жыл


       Жамбыл облысы  әкімдігінің   білім басқармасы  Шу ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа  қарсы нұсқаулық


1-тарау. Қолданылу аясы

1. Бұл Нұсқаулық сыбайлас жемқорлық бағытындағы әрекеттерге анықтама береді, сыбайлас жемқорлық сипатындағы жағдай туындаған жағдайда Жамбыл облысы  әкімдігінің   білім басқармасы  Шу ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» МКҚК (бұдан әрі - Кәсіпорын) жұмыскерлерінің іс-қимыл тәртібін белгілейді. 

2. Осы құжатпен Кәсіпорынның барлық лауазымды тұлғалары міндетті түрде танысып шығып, қолданулары тиіс. 

3. Осы Нұсқаулықта келтірілген талаптар ең қажетті бастапқылары болып табылады және олар нақты бір жағдайда толық және/немесе шектеулі талаптар ретінде қарастырылмауы тиіс. 


2-тарау. Глоссарий


4. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен қысқартулар: 

Сыбайлас жемқорлық -жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі. 

Пара – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам немесе оған теңестірілген адам немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам немесе лауазымды адам, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамы жеке өзі немесе делдал арқылы алатын ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқықтар немесе мүліктік сипаттағы пайда. 

Параны қорқытып алу -адамның пара берушінің немесе ол өкілі болып табылатын адамдардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттер жасау қатерімен параны талап етуі не құқық қорғау мүдделері үшін зиянды салдардың алдын алу.


3-тарау. Жалпы ережелер


5. Қазақстан Республикасында пара алу және беру әрекеттері заңға қайшы және бұл жағдайларда Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс қолданылады. 

Егер ақша, өзге мүлік, материалдық қызмет көрсету түріндегі мүліктік пайда лауазымды адамның келісімімен оның туыстары мен жақындарына берілсе немесе егер ол бұған қарсылық білдірмесе және өзінің қызметтік өкілеттігін пара берушінің пайдасына пайдаланса, лауазымды адамның іс-әрекетін пара алу деп саралау керек. 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақшамен, бағалы қағаздармен және өзге де мүлікпен қатар, өтеусіз көрсетілетін, бірақ төлеуге жататын мүліктік сипаттағы пайда (туристік жолдамалар беру, пәтер жөндеу, саяжай салу және т.б.) пара алу және коммерциялық сатып алу нысанасы болуы мүмкін. 

Мүліктік сипаттағы пайда деп, атап айтқанда, берілетін мүліктің, жекешелендірілетін объектілердің құнының төмендетілуі, жалдау төлемдерінің, банк несиелерін пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық мөлшерлемелердің азайтылуы түсіндіріледі. 

6. Пара алу және пара беру, бір қылмыстық модельдің екі қарама-қарсы жағы, егер пара туралы айтатын болсақ, бұл пара алатын адамның (пара алушы) және оны беретін адамның (пара беруші) бар екенін білдіреді. 

7. Пара алу – ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе қорқытып алумен бірге жүретін болса, ол лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін артықшылықтар алу мен пайда көруден тұрады. 

8. Пара беру - лауазымды адамды заңды немесе заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға көндіруге немесе берушінің пайдасына, оның ішінде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін қандай да бір артықшылықтар беруге, алуға бағытталған қылмыс. 

9. Пара нысандары келесідей болуы мүмкін: 

• заттар, ақша, оның ішінде: валюта, банк чектері және бағалы қағаздар, асыл металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомашиналар, тамақ өнімдері, бейнетехника, тұрмыстық құралдар және басқа да тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер учаскелері және басқа да жылжымайтын мүлік; 

• пайда көздеу: емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторийге және туристік жолдамалар, шетелдік сапарлар, ойын-сауық және басқа да шығындарды ақысыз алу немесе төмендетілген бағамен төлеу. 

• параның бүркемеленген түрі -іс жүзінде жоқ борышты өтеу түріндегі банктік қарыз, төмендетілген бағамен сатып алынған тауарларды төлеу, тауарларды жоғары бағамен сатып алу, парақорға, оның туыстарына, достарына жалақы төлеу үшін жалған еңбек шарттарын жасасу, жеңілдікпен несие алу, дәрістер, мақалалар мен кітаптар үшін қаламақыны негізсіз көтеру, казинодағы "кездейсоқ" ұтыс, борышты кешіру, жалдау ақысын азайту, кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелерді ұлғайту және т. б.

 10. Мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу туралы шектеулерді, тыйым салуларды және талаптарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатындағы өтініштер туралы жұмыс берушінің өкілін хабардар ету міндетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген өзге де міндеттерді сақтау маңызды. 

Айта кететін жайт, кейбір сөздерді, екіұшты ойлар мен ым-ишаратты айналадағылар пара беру туралы өтініш (тұспал) ретінде қабылдауы мүмкін. 

Мұндай екіұшты ойларға, мысалы, мыналар жатады: 

• "Мәселені шешу қиын, бірақ шешуге болады"; 

• "Құрғақ қасық ауыз жыртады"; 

• "Келісіп көрейік"; 

• "Салмақтырақ дәлелдер қажет"; 

• "Істің мән-жайын талқылау керек"; 

• "Ал енді не істейміз?" және т.б. 

Ұйымдардың өкілдерімен және азаматтармен, әсіресе олардың пайдасына лауазымды тұлғалардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне байланысты белгілі бір тақырыптарды талқылау пара беру туралы өтініш ретінде де қабылдануы мүмкін. 

Мұндай тақырыптарға мысал келтірсек: 

• жалақының төмен деңгейі және қандай да бір мұқтаждарды өтеуге ақша қаражатының жетіспеуі; 

• қандай да бір мүлікті сатып алуға, қандай да бір қызметті алуға, туристік сапарға баруға ниет білдіру; 

• лауазымды адамның туыстарында жұмыстың болмауы; 

• лауазымды адамның балаларының білім беру мекемелеріне түсу қажеттілігі және т.б. Лауазымды адамнан түсетін белгілі бір ұсыныстар, әсіресе егер олар ұйымдардың өкілдеріне және пайдасы олардың шешімдері мен әрекеттеріне байланысты азаматтарға бағытталған болса, пара беру туралы өтініш ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл мұндай ұсыныстар жақсы ниеттен туындаған және шенеуніктің жеке пайдасына қатысы болмаған жағдайда орын алуы ықтимал. 

Мұндай ұсыныстарға, мысалы, келесілер жатады:

 • лауазымды тұлғаға және (немесе) оның туыстарына жеңілдік беру;

 • анықталған бұзушылықтарды жою, мемлекеттік келісімшарт шеңберінде жұмыстарды орындау, қажетті құжаттарды дайындау үшін нақты компанияның және (немесе) сарапшылардың қызметтерін пайдалану; 

• нақты қайырымдылық қорына ақша салу; 

• нақты спорт командасына қолдау көрсету және т.б. 

11. Сыбайлас жемқорлық параға сатып алудың ықтимал жағдайлары, сондай-ақ мінез-құлық қағидалары бойынша ұсынымдар. 

Арандату:

Қызмет алу үшін жүгінген азаматтар, бөлімше қызметін тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тарапынан ықтимал арандатуларды болдырмау үшін: 

• келушілер орналасқан қызметтік үй-жайларды және жеке заттарды (киім, портфель, сөмке және т. б.) қараусыз қалдырмаңыз); 

• келуші кеткеннен кейін жұмыс орнынан немесе жеке заттар ішінен қандай да бір бөгде заттар табылған жағдайда, өз бетіңізбен ешқандай іс-қимыл жасамай, дереу басшылыққа мәлімдеңіз. 



4-тарау. Қарауындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін басшылардың жауапкершілігі


12. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған және кінәсі сотта дәлелденген қарамағандылары үшін басшыларға дербес жауапкершілік жүктейтін норма қарастырылған. 

13. Кәсіпорын жұмыскері өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған жағдайда, осы жұмыскер ҚР Еңбек кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетіледі. Бұл жұмыскердің тікелей басшысы жұмыскерді өз міндеттерін орындаудан шеттету үшін тиісті шаралар қабылдауға міндетті. 

14. Тәртіптік жауаптылыққа тарту түрлері келесідей:

 • ескерту; 

• сөгiс; 

• қатаң сөгіс; 

• еңбек шартын Еңбек кодексінде қарастырылған негіздермен Жұмыс берушінің бастамасымен бұзу. 

Басшы өзіне тікелей бағынышты жұмыскерге қатысты заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі шыққан кезде немесе қылмыстық істі ақталмайтын негіздермен (рақымшылық жасау, іс жүзінде өкіну, тараптардың татуласуы және т.б.) тоқтату туралы шешім қабылданған кезде жұмыстан шығуға өтініш беруі тиіс. Жұмыстан шығу туралы өтініш басшыны лауазымға тағайындаған жауапты адамға беріледі.

 Жұмыстан шығару және тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдау басшыны осы лауазымға тағайындаған тұлғаның құзыретінде болып табылады. 

15. Тікелей бағыныштылар келесілер болып табылады: 

Кәсіпорынның орталық аппараты 

• Бас директор үшін –оның орынбасарлары, бас бухгалтер, Комплаенс офицер; 

• бас бухгалтер үшін –бухгалтерлік есеп; 

• бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы үшін –бөлімнің барлық жұмыскерлері; 

16. Тікелей бағынышты жұмыскері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған жағдайда басшы осы лауазымға тағайындалған күннен бастап 3 ай өткен соң дербес жауаптылықта болатынын назарға алу қажет. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген жауапкершілік "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес тікелей бағынышты адам жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы өз бетімен хабарлаған басшылыққа қолданылмайды. 

17. Кәсіпорын жұмыскерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе кәсіпорын жұмыскерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезіндегі сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимылған өзгеше түрде жәрдем көрсеткен жұмыскер мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

18. Осы ережелер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады. 

19. Кәсіпорын жұмыскерлерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға жәрдем көрсететін қызметкер туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеледі. 


7-тарау. Қорытынды ережелер


20. Нұсқаулық Мекеме басшысы бекіткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

21. Нұсқаулыққа енгізілетін өзгерістер/ толықтырулар Мекеме басшысы бекіткен күннен бастап күшіне енеді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив